Алматыда халықаралық «HALAL EXPO-2023» жәрмеңкесі өтеді

1443
Adyrna.kz Telegram

15-16 қыркүйек күндері Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен халал өнімдердің халықаралық «HALAL EXPO-2023» жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұйымдастырушылар «HALAL EXPO-2023» көрмесінде қала тұрғындары мен қонақтарын отандық және шет елдік халал өнімдердің түрлі ассортиментімен таныстырып, қолжетімді бағада ұсынуды жоспарлап отыр.

«HALAL EXPO-2023» дәстүрлі халықаралық халал көрмесіне әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, өндіріс саласының үздіктері мен мемлекеттік ұйымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, көрмеде ет, құс, сүт, балық өнімдері және жартылай дайын өнімдер, кондитерлік өнімдер, бал, косметикалар, май өнімдері мен түрлі шұжықтар, БАД, тағам қоспалары, гигиеналық жуғыш заттар, фаст-фуд тағамдары, балмұздақтар мен сусындар ұсынылады.

Көрме барысында халықтың көзайымына айналған «Үздік кәсіпорындар» марапатталады.

Халықаралық көрменің Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42 «Бақшасарай» қабылдау үйінде өтетіні хабарланды.

Байланыс үшін:

▪+7 702 273 75 18 (Call-нөмер);
▪+7 7172 999 384 (қала аралық).
▪+7 771 437 05 17 (whatsapp)
https://t.me/halaldamukz

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер