Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай республикалық байқау жарияланды

1755
Adyrna.kz Telegram

Көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «ЗАМАНДАС СЫРЫ» атты республикалық республикалық студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар арасында байқау жарияланды.

Байқау ережесі төмендегідей:

1. Жалпы ережелер

1.1 «ЗАМАНДАС СЫРЫ» республикалық шығармашылық байқауы көрнекті жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Замандас сыры» атты студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен жас ғалымдар арасында өтеді.
1.2. Аталмыш Ереже Байқауды өткізу мақсаты, міндеттерін және ережесін айқындайды.
1.3. Байқаудың мақсаты: құқықтық, этикалық тақырыптардағы журналистік зерттеулерді, детектив жанрына арналған ғылыми мен шығармашылық жұмыстарды насихаттау және жариялау.

2. Байқауды өткізу тәртібі

2.1 Байқау төмендегі номинациялар бойынша өтеді:

1. Детектив жанрындағы журналистік зерттеу;
2. Жазушының әдеби мұрасына арналған ғылыми-зерттеу жұмысы;
3. Құқықтық / этикалық тақырыпта жарияланған репортаж

2.2 Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
қатысушының жасы 29-дан аспау тиіс;
байқауға еш жерде жарияланбаған жұмыстар қабылданады;
бір автор бір номинацияға бір рет қана өтінім бере алады;
Байқауға қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі жұмыстар қабылданады;
Байқауға журналистиканың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді;
Байқау талаптарына сай қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды;
Дедлайн өткеннен соң келіп түскен өтінімдер Байқауға қатыстырылмайды;
қатысушы шығармасымен бірге өзі туралы шағын ақпарат (0,5 беттен аспауы керек) және сапалы суретін қоса жіберуі тиіс;
Байқау жұмыстары А-4 форматТА, TimesNewRоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1.0 аралықта теріліп, Word форматта сақталуы керек;

3. Байқауға материалдарды ұсыну ережесі:

3.1. Ббайқау жұмыстары zamandas.syry@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
3.2. Байқау жұмысының электронды нұсқасы (автор туралы дерексіз) бөлек файлмен жіберілуі тиіс;
3.3. Алғашқы беттің жоғары жағына автордың бүркеншік есімі жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетіледі. Мысалы: zamandas.syry-jurnalistık zertteu, zamandas.syry- ğylymi jūmys, zamandas.syry-reportaj;
3.4. Автор туралы мәлімет: аты-жөні, мекен жайы, оқу / жұмыс орны, телефон нөмірі, электронды поштасы, фотосуреті, автор туралы қысқаша ақпарат. Файлда автордың бүркеншік есімі және аты-жөні аталуы тиіс. Мысалы: zamandas Дастан Қазыбек деп сақталуы тиіс;
3.5. Байқау жұмыстарын қабылдау 2023 жылғы «29» тамыз күні сағат 8:00-ден басталып, 2023 жылдың «29» қыркүйек күнгі сағат 8.00-ге дейін жүргізіледі.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
4.1. Ұйымдастырушылар 3.5 пукнтте аталған уақыттан бастап өтінімдерді іріктейді.
4.2. Іріктеуден өткен өтінімдер ашықтық қағидасына сәйкес Telegram платформасындағы «Замандас сыры байқауы» каналында (https://t.me/zamandassyry) жарияланады. Желі қолданушылары жарияланған материалдармен танысып, өз пікірін қалдыра алады.
4.3. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
4.4. Байқау комиссиясының құрамына Қазақстан Журналистер Одағы және Жазушылар одағының өкілдері, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері кіреді.
4.5. Байқау қорытындысы шыққанға дейін жарияланбайды.
4.6. Байқау комиссиясы Байқау туралы хабарландыру республикалық сайттарда, әлеуметтік желілерде және БАҚ жарияланған сәттен бастап түскен жұмыстарды кезегімен қарай береді.
4.7. Байқау комиссиясы Telegram қосымшасындағы қолданушылар пікірін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
4.8. Конкурс жұмыстарын бағалау кезінде байқау комиссиясы келесі критерийлерді басшылыққа алады: тақырыптың ашылуы; тіл тазалығы; логикалық үйлесім; ой тереңдігі; шығармашылық ізденіс; ашық деректер базасын қолдану, мұрағаттық ақпараттардың шынайылығы.
4.9. Байқау талаптарына сәйкес емес жұмыстарды байқау комиссиясы қараусыз қалдыруға құқылы.
4.10. Жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясы мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады;
4.11. Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

5. Байқауды қорытындылау

5.1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті жеңімпаздарға арнайы жүлделер қарастырады.
5.2. Әр номинация бойынша келесі жүлделі орындар тағайындалады:
(студенттер, магистранттар, PhD докторанттар арасында):
1-орын – 1 жеңімпаз.
2-орын – 1 жеңімпаз.
3-орын – 1 жеңімпаз.
Ынталандыру сыйлығы – 1 жеңімпаз.

Пікірлер