Депутат Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан қыз полицияға жүгінбегені айтылды

1463
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған оқиғаға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды  "Адырна" порталы. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жағдайға қатысты анықтау шараларының бәрі жасалған.

"Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша ішкі істер органдарына арыз-шағым түспегенін хабарлайды. Дегенмен, жағдайға қатысы барлар анықталды.

Олар оқиғаның сол күні біткенін, ешкімге талап-арызының жоқтығын айтып, полицияға арызданудан бас тартты», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болған. Мәжілісмен журналистерге бұл жағдайдан бейхабар екенін, олардан жаңа ғана білгенін айтты.

Кейін депутат кең тараған видеоның ақпараттық шабуыл екенін айтты.

Пікірлер