“Жататын орын, жұтатын ауа жоқ”. Алматылық студенттерге жатақхана жетіспейді (ВИДЕО)

1562
Adyrna.kz Telegram

Желіде Алматылық студентердің жатақхана жетіспей жатын орынсыз қалғаны туралы түрлі видеолар тарады, деп жазады "Адырна" сайты.

Бүгінгі таңда 106 203 қазақстандық студент жатақханадан орын алса, қалған 23 686 студентке орын жетіспейді, дейді жоғары білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Бұл ретте ол студенттердің пәтер жалдау ақысын субсидиялау мәселесі қарастырылмай жатқанын айтты. Және ол студенттер жатақханадан басқа қонақүйлер мен хостелдерге орналастырылатынын айтты.

«Жатақханаларда тұру 30-60 мың теңге аралығында. Әрине, арзан емес, бірақ пәтер жалдаумен салыстырғанда қолайлы», - деп мойындады комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, ол мемлекет бизнес өкілдеріне ғимараттарды салу және қайта жаңғыртуда қолдау көрсету шараларын қабылдап жатқанын еске салды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер