Болат Назарбаевтың сыбайласы делінетін Елдос Қоспаев ұсталып, елге әкелінді

3031
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық іздеуде жүрген күдіктілер Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Комитеттің 2023 жылғы 6 қыркүйекте жүзеге асырған операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді.

Аталған адамдарды бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын»,—делінген хабарламада.

Күдіктілер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнайы мақсаттағы қызметінің жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне берілді.

Айта кетейік, қылмыстық топқа өткен жылы іздеу жарияланды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екенін жазған еді.

Пікірлер