Мәулен Әшімбаев Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты пікір білдірді

2421
Adyrna.kz Telegram

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Өскемен түрмесінде жазасын өтеп жатқан Серік Күдебаевтың суретіне және Ақмоладағы түрмедегі азаптау оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін желіде Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео тараған еді.

«Осы оқиға бойынша тиісті тергеу жүргізіліп, жауаптылардың барлығы заң аясында жазаға тартылады. Оған еш күмән болмауға тиіс. Бұл мәселелерді ескеріп, Қылмыстық кодексті тағы қарап шығамыз»,—деді Әшімбаев.

Журналистер Сенат спикерінен Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты түсініктеме беруді сұрады. «Түрмеге смартфондар емін-еркін кіргізіліп жатыр ма? Жазасын өтеушілер дастархан жайып, тойда отырғандай суретке түскен»,—деді БАҚ өкілдері.

«Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бар және бұл комитет құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Аталған комитет құрамындағы депутаттар Үкімет мүшелерін шақырып, бұл мәселеге қатысты талдау жасаймыз. Қылмыстық-атқару жүйесінде проблемалардың бар екенін мойындауымыз керек»,— деп түсіндірді палата төрағасы.

Пікірлер