Тағы бір ресейлік әртіс Қазақстанда русофобия бар деп айыптады

1966
Adyrna.kz Telegram

Украинадағы соғысты қолдайтын ресейлік әртіс Никита Джигурда Қазақстандағы русофобия туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол елде қарқындап дамып келе жатқан русофобияға байланысты жоспарланған іс-шараға келе алмайтынын айтты.

«Мен 10 қыркүйекте Қазақстанда жақсы іс-шараға қатысуым керек екенін растаймын. Бірақ Қазақстан ресейлік дипломатты өкілеттігінен айырып, Ресейге қиянат жасады, өйткені дипломат Қазақстанда русофобия күшейіп келе жатқандығы туралы бірнеше рет мәлімдеме жасады. Ұлтшылдар арандатушылық ұйымдастырады… Қысқасы, мен Қазақстанға бара алмаймын. Менің ұстанымым белгілі, мен Ресей Федерациясы мен Путинді қолдаймын. Әттең, Қазақстан англосаксондарға бағынуда. Бұл көптеген адам үшін өкінішті және қайғылы», - деді өнер иесі.

Бұған дейін Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виктор Соболев Қазақстанда русофобия бар екенін айтқан еді.

<

Пікірлер