Мемлекет басшысы Марокко королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады

1571
Adyrna.kz Telegram

Мароккода 7,2 баллдық жер сілкінісі болды.  Елдің ішкі істер министрлігі жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар санын 290-нан асуы мүмкін деп болжады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, делінген Ақорда хабарламасында.

Жеделхатта:

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын", – деп жазылған.

Еске сала кетейік, Мароккода болған үлкен жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 296 адам қаза тапты. Мұндай алдын-ала мәліметтерді Солтүстік Африка Корольдігінің Ішкі істер министрлігі сенбіде, 9 қыркүйекке қараған түні жариялады.

Тағы 153 адамның жарақат алып, ауруханаларға жеткізілгені айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер