ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Кемтар сәбилердің болмауы үшін, қажет болса Өзбекстандағыдай заңмен тыйым салу туралы ұсыныс жасауымыз керек...

1492
Adyrna.kz Telegram
Өзбекстан мен Қырғызстан билігі кейбір ислами діншіл топтарға белгілі бір шектеулер енгізе бастады. Бұл проблема жыл өткен сайын Қазақстан үшін де өзекті болып келе жатыр.
Бүгін өткен Қоғамдық Кеңес  кезекті отырысында Шымкент қаласы мен Түркістан облысында мүгедек азаматтар өте көп тіркелгендігі сөз болды.
Осыған байланысты мен Қоғамдық Кеңес мүшелері мен жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Қуаныш Асылов пен Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы басшысы Нұрлыбек Асылбековке төмендегідей ұсыныс жасадым:
Қаламыз бен өңірімізде жақын туыстар арасындағы некені дәстүрлі түрде қолданатын этностар бар. Және олардың демографиялық өсімі өзге ұлттармен салыстырғанда аса жоғары.
Оның үстіне соңғы кездері кейбір діншіл қазақтар да "Жақын туыстар арасындағы неке шариғатқа қайшы емес" деп уағыз айта бастады.
Мәселе ушығып кетпей тұрғанда әрекет жасап, туа бітті мүгедек ретінде тіркелген азаматтардың кеселдерінің табиғатын зерделеп, жақын туыстар арасында болған некеден туған мүгедек азаматтарды бөліп қарастыру керек.
Кемтар сәбидің пайда болуы отбасы үшін трагедия болса, медициналық күтім, санаториялық қолдау, жәрдемақы төлеу секілді мемлекет үшін қосымша шығын....
Сондықтан кемтар сәбилердің болмауы үшін қоғам мен мемлекет қолынан келгеннің бәрін жасап, қажет болса Өзбекстандағыдай заңмен тыйым салу туралы Үкімет пен Парламентке ұсыныс жасауымыз керек...

 

 

 

Пікірлер