Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

1666
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент өз құттықтауында салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиеттіқара шаңырақтан бастау алатынын атап өтті. Оның айтуынша, сол себепті де өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды.

Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды "Адал азаматқа" тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады, - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол мемлекет отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән беретініне тоқталып өтті

Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді.

Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі, - делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Пікірлер