Қазақстандық теннисші АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жетті

1585
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше қазақстандық спортшы Анна Данилина фин спортшысы Харри Хелиеваарамен бірге аралас жұпта 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.

“Финалда қазақстандық-фин дуэті қазіргі US Open турнирінің бірінші тізгінін ұстаған америкалық Джессика Пегула мен Остин Крайчекті 6:3, 6:4 есебімен ұтты”, - делінген хабарламада.

Данилина аралас жұпта «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанған тарихтағы тұңғыш қазақ әйелі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Данилина қарсыластарын құттықтап, серіктесіне алғысын білдірді. Оны қолдаған барша жанкүйерлерге, турнирді ұйымдастырушыларға және оның командасына ерекше алғысын білдірді.

«Мен бүгін осында отырған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа және бүкіл федерацияға Қазақстандағы теннисті қолдап, дамытып жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Бұл тамаша мүмкіндік және мен тарихта бірінші рет осы атаққа ие болғанымызға қуаныштымын!»,- деді спортшы.

Сондай-ақ, Анна серіктесі Гарриге алғыс айтты.

Пікірлер