“Ата-аналары біледі”. Балабақшада еденде ұйықтаған балалардың суреті тарады

1820
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы жекеменшік балабақшада балалар еденде ұйықтағаны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі “Лада” порталына сілтеме беріп.

Әлем желіде тағы бір балабақшада балалардың еденде ұйықтап жатқан суреті жарияланды. Желі қолданушылары бұл суреттерді қызу талқыға салған.

Бұл суреттер Ақтау қаласындағы “Бесата” балабақшасында түсірілген. Суреттерге қатысты аталмыш балабақшаның өкілі жауап берді.

- Барлық балаларға арналған төсек бар, бірақ кейбір балалар оған жатқысы келмейді, олардың ата-аналары бұл туралы біледі және келіседі. Оған қоса, еденде кілем төселген, оның үстіне матрац пен көрпе жатады,- дейді басшылық.

Басшылықтың айтуынша, бұл суреттерді балабақшаның бұрынғы қызметкері жолдаған. Мұндағы басты мақсат “Бесата” балабақшасының беделіне нұқсан келтіру дейді.

Қазіргі таңда балабақша өкілдері заңгер жалдап, суретті жіберген адамды сотқа бермекші.

Пікірлер