Мақсат орындалды. Оқушылар тоғызқұмалақ ойынын ойнап, "Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына" енді

1577
Adyrna.kz Telegram

Қыркүйектің 9  күні Алматыда жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойынын ойнап, "Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына" енді, деп хаьарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябағында Тоғызқұмалақ күні аталып өтті. Атаулы күнге орай алматылық 2028 мектеп оқушысы бір мезетте тоғызқұмалақ ойынын ойнап, «Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына» енді. Бұл рекордты Қазақстан Гиннес кітабының редакторы Қарлығаш Жаппар бекітіп, арнайы рекорд орнату туралы сертификатын Алматы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұнға тапсырды.

Ауқымды шара туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлаған еді.

"9 қыркүйекте Тоғызқұмалақ күніне орай Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтеді. Оған 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары қатысады. Олардың мақсаты — Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену",- деген болатын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 21-24 қыркүйегінде Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатыспақ.

Тоғызқұмалақ күні тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Латвия, Румыния сынды бірнеше мемлекетте тойланды.

Пікірлер