Әскердегі өлім. Мақтааралда 19 жастағы сарбаз көз жұмды

2153
Adyrna.kz Telegram

Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылындағы 2037 әскери бөлімшесінде қызметте болған 19 жастағы сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Әскери борышын өтеп, өз үйіне қайтуына 10 күн қалғанда жас сарбаз қайтыс болған.

Аталған оқиғаға қатысты Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі пікір білдірді. Полицейлердің айтуынша, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрғасыр Темірбековтің үстіне шекара сымы құлап,  қайтыс болған.

"Аталған хабарламаны тексеру барысында 4 қыркүйекте сағат 08:30 шамасында Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты шекара белгісі №190, №38 учаскеде өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген Қызылорда облысы Жаңа қорған ауданы А.Мұхаммеджанов көшесі №8 үй тұрғыны 2004 жылғы Темірбеков Нұрғасыр Мэлсұлы шекара сымы үстіне құлап түсіп қайтыс болғаны анықталды",-деп хабарлайды.

Сондай-ақ, сарбаздың өліміне қатысты қазір Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабы 3-бөлігі көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін дәлелдейтін жеткілікті деректердің бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179, 184-баптарына сәйкес осы факт 04.09.2023 жылғы, уақыты (11 сағат 41 минутта) №235143031000321 болып Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізіледі", - делінген Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі келтірген мәлімдемеде.

Пікірлер