Теңбіл доп додасы. Қазақстан құрамасы қарсыластың қақпасына 1 гол салды

1601
Adyrna.kz Telegram

10 қыркүйек күні футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияға қарсы матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна”.

Тартысты бәсекеге бас қаладағы “Астана Арена” алаңында өтуде.

Қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында футболға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әйгілі қазақстандық боксер Геннадий Головкин де келген.

Футболшылар Мароккодагы жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу мақсатында Астанадағы матчты бір минут үнсіздікпен бастады.

Еске сала кетейік, Мароккодағы апаттан қайтыс болғандар саны 2000-нан асқан.

Ойынның 27 минутында алғашқы есеп ашылды. Қарсыластың қақпасына ұлттық құраманың спортшысы ақтөбелік Максим Самородов гол салды.

Есеп 1:0. Қазақстан құрамасы алда келеді.

 

 

 

Пікірлер