Әзілкеш Мұсағалиев Украинаның қауіп төндіретін жеке тұлғалар тізіміне енді

2237
Adyrna.kz Telegram
Фото: sevastopol-news.com
Фото: sevastopol-news.com

Ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиев Ресей оккупациялаған Украинаның Донбасс қаласына жасаған сапарынан кейін "Бітімгер" (“Миротворец”) сайтының дерекқорына енді.Аталған порталда “Украинаға қауіп төндіретін жеке тұлғалар мен ұйымдар” туралы ақпараттар жарияланады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік, "Бітімгер" украиндық веб-сайты 2014 жылдың тамызында сол кезде Украина Ішкі істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған Антон Геращенконың бастамасымен құрылған. Сайт өзін Украинаның ұлттық қауіпсіздігі, бейбітшілік және азаматтардың қауіпсіздігі негіздеріне қарсы қылмыстарды зерттеу орталығының онлайн өкілдігі ретінде көрсетеді.

Ақпарат бойынша, шоуменді орыс-фашист басқыншыларының сыбайласы және Ресей билігінің қылмыстарына серіктес деп атады.

Ал оның серіктесі Денис Дорохов "Бітімгер" дерекқорына 2019 жылы қосылған.

Бұл сайтқа кірудегі бірден-бір себеп, Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов 8 қыркүйек күні Донбассты фашистік басқыншылардан азат ету күніне арналған концертте өнер көрсеткен еді.

Концертте Қазақстанда жеке кешін өткізуге рұқсат етілмеген Григорий Лепс, Shaman, Александр Буйнов, Александр Маршал, Ольга Кормухина, Дмитрий Дюжев, Гоша Куценко, Родион Газманов өнер көрсетті.

Айта кетейік, 5 қазанда Мұсағалиев, Дорохов және басқа да "Камызяки" КВН командасының мүшелері Алматыда өнер көрсетеді. Дегенмен, концертті өткізуге Қазақстандықтар қарсы болып, болмауын талап етуде. 

Пікірлер