ҚР төтенше жағдайлар министрінің қос орынбасары тағайындалды

1661
Adyrna.kz Telegram

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрпейісов пен  Бауыржан Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар: 

ҚР Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалады.

Ерлан Нұрпейісов 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Алматы техникалық институтын бітірген.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында туған.

2019 жылдың қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер