Ақордаға оралу. Бұрынғы баспасөз хатшысы қайта тағайындалды

1628
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна"ұлттық порталы "Ақордаға" сілтеме көрсете отырып.

Берік Уәли 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі. 2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы. 2022 жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып келген.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер