Қазақстанда қылмыс жасады деген 2000-нан астам күдікті іздеуде жүр

1532
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда қылмыс жасады деген күдікпен 2372 адам іздеуде жүр. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олардың 510-ы алаяқтық, 318-і ұрлық жасаған деген күдікке ілінген. Адам өліміне қатысы бар 146 адамға іздеу жарияланған.

Қашып жүргендердің ең көбі Алматы қаласынан. Онда іздеуде жүргендердің саны – 514. Астанада 185, Шымкентте 155, Алматы мен Қарағанды облыстарында 140-қа жуық адамға іздеу жарияланған.

Ал елімізде із-түссіз жоғалып кеткен азаматтардың саны 11 мыңға жуықтаған. Олардың 77%-ы – 30-49 жас аралығындағы ер адам, делінген хабарламада.

Пікірлер