Қазақстан 5G технологиясын енгізу жоспарын 2026 жылға қарай аяқтайды - Бағдат Мусин

1634
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан 5G технологиясын енгізуді 2026 жылға қарай аяқтау жоспарлап жатыо. Бұл туралв Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G технологиясын енгізу үдерісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна”.

Шын мәнінде бұл өте жаңа технология және ауылдық жерлерге әлі еніп жатқан жоқ. Бұл – әлемдік даму түрі. Әзірге облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды қамту міндеті тұр.

Биылғы жылдың соңына дейін 600-700 базалық станция орнату жоспары бар еді, бірақ 5G аукционында жеңіске жеткен операторлар жоспарларын өзгертті. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1 мыңға жуық базалық станция орнатылады, – деді Бағдат Мусин.

Ол өңірлерде тұрғындар жаңа технологияларды қолдануы үшін бірнеше базалық станциялар орнаталытанын айтты.

Бүкіл республика бойынша операторлар 2027 жылға қарай барлық облыс орталықтарын қамтуды жоспарлаған болатын, бірақ қазір байланыс операторлары жоспарларын қайта қарап, жобаны 2026 жылдың соңына дейін жүзеге асыруды жоспарлауда,  – деді министр.

Министр соңғы кездері ұялы байланыс операторлары арасында байқалған ақаулардың 5G енгізумен байланысты екенін айтты.

Иә, бұл техниканы жаңғыртуға байланысты. Яғни бүгінгі коммуникация инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді және жаңғырту кезеңінде мұндай мәселелер туындауы мүмкін, – деп қосты Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, ол қолайсыздықтар үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Пікірлер