Соғысты қолдаған. "Камызяки" тобының Алматыдағы концертіне билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды

2177
Adyrna.kz Telegram
Камызяки
Камызяки

Ресейлік "Камызяки" КВН тобының концертіне билеттер сатылымы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Аталған әзілкештер тобы Украинадағы соғысты ашық қолдағаны үшін сынға қалып, халық Қазақстанда концерт беруіне қарсылық танытқан еді.

Тіпті, “Камызякидің” Қазақстанда жоспарланған концерттерін өткізбеу туралы петиция да жарияланған.

Қазір Kino.kz және Ticketon.kz сайттарында билет алу уақытша мүмкін емес.

Топ құрамында этникалық қазақ Азамат Мұсағалиев те бар.

Еске салайық, "Камызяки" тобының мүшелері Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов Ресей басып алған Украинана аймақтарына барып, Ресей әскері мен жергілікті халыққа қолдау білдіріп, концерт өткізген еді.

Кейін Азамат Мұсағалиев Украинаның Донбасс қаласына жасаған сапарынан кейін "Бітімгер" (“Миротворец”) сайтының дерекқорына енді. 

Пікірлер