Мұғалімдер жалақысына қанша ақы қосылатыны белгілі болды

3423
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады. Бұл туралы qazaqstan.tv жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, педагог-шеберге 50%, педагог-зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға арттырылды. Жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

Пікірлер