Путинсіз жиын. Президент Тәжікстанға барады

3113
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сапар аясында президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне және халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.
Бұдан алдын Қазақстан астанасына Тәжікстан президенті Имамәли Рахмон келіп қайтқан болатын.
Пікірлер