Ержан Байтілес Президент баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

1535
Adyrna.kz Telegram

Ержан Байтілес Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында айтты.

Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын.

Ержан Байтілес – әртүрлі басылымдарда қызмет атқарған журналист. «Алматы ақшамы» газетінде бөлім бастығы, республикалық «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке дейін ғасырға жуық тарихы бар «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болды.

 

Пікірлер