"Алдар Көсе деп атадым". Желіде XIX ғасырдағы қазақ азаматының бейнесі тарады

1629
Adyrna.kz Telegram

Танымал қазақстандық архитектор Алмас Ордабаев  XIX ғасырдағы қазақ азаматының фотосымен бөлісті, деп жазады "Адырна". 

Фото авторы фотограф Ф.Ордэн бұл суретті XIX ғасырда түсірді делінеді. Ордабаев суреттегі азаматты Алдар Көсеге ұқсатқанын айтты:

"Бұл қазақты бетіндегі жұқа шашы үшін Алдар Көсе деп атадым. Бірақ менің Алдарым ертегілердегідей қарапайым емес. Мұнда әлдеқайда бай табиғат бар" деді ол.

Сондай-ақ фотода әлдеқандай бір философиялық мән бар екенін қоса кетті. Ол MAE RAS (Ресей Ғылым академиясының Антропология және этнография мұражайы) коллекциясынан ұсынылған фотосуретті өңдеп жүктегенін баяндады.

Пікірлер