Қайрат Боранбаев мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін өз еркімен қайтарды

1368
Adyrna.kz Telegram

Бизнесмен Қайрат Боранбаев мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін өз еркімен қайтарды, деп хабарлайды "Адырна" порталы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметіне сілтеп. 

«ҚМА қылмыстық мүлікті заңдастыруға қатысты Қайрат Боранбаевты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Тергеу аясында мұнай кәсіпшілігін, газ тарату компаниясын, қызмет көрсету кәсіпорнын, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендерін, фитнес-сауықтыру орталықтары желісін, кеңсені қоса алғанда, жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын мүлікті мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару шаралары қабылданды.  Сондай-ақ Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Басқармада атап өткендей, бұл нысандардың барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, қаржы білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

«Бұған дейін табиғи газды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаевқа 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтелген. Агенттік активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда», - деп қосты ҚМА.

Пікірлер