Тимур Құлыбаев Олимпиада чемпиондарын марапаттады

1161
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығы аталып өтіп, онда ҚР ҰОК (Ұлттық олимпиадалық комитет) басшысы Тимур Құлыбаев танымал спортшыларға марапаттар табыс етті, деп жазады "Адырна". 

Мереке аясында Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында олимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға салтанатты түрде құрмет көрсетілді.

«Қазақстан Республикасы ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев Олимпиада чемпиондары Владимир Смирновты (шаңғы спорты), Александр Винокуровты (велоспорт) және Ермахан Ибраимовты (бокс) жоғары марапат – ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің орденімен марапаттады. », - деп хабарлады ҚР ҰОК.

Пікірлер