Прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

1641
Adyrna.kz Telegram

Прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды "Адырна".

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр.

Прокурор сотта Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот шешімі бүгін жариялануы тиіс.

Күні кеше бизнесмен Қайрат Боранбаев мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін өз еркімен қайтарғаны туралы айтылған болатын.

 

Пікірлер