Жемқорлар тізімі жалпыға қолжетімді болады

1549
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың жария тізімін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Агенттіктің мәлімдеуінше, тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық деректері қамтылады.

«Бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.

Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ, Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда»,—деп түсіндірді Антикор.

Пікірлер