Қарқаралы ауданының әкімі мен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары жаңа Меморандумға қол қойды

1593
Adyrna.kz Telegram

Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын мен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға салтанатты түрде қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алдағы уақытта екі өңір сәулет, ғылым, мәдениет, спорт, туризм және басқа да байланыстарды дамытуда әріптестік қарым-қатынас жасайтын болады.

Бұл да Қоянды жәрмеңкесі мерейтойы аясында атқарылған маңызды шараның бірі.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер