“Көмек сұраған”. Павлодар облысында полицейді ер адам үтікпен ұрып, тістеп алған

1424
Adyrna.kz Telegram
Фото: freepik
Фото: freepik

Павлодар облысында полицейді ер адам үтікпен ұрып, тістеп алған. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық портаалы. 

Ақсу тұрғыны полицияға отбасылық жанжал туралы хабарлап, көмек сұраған. Ол барған соң, тұрғын өзін агрессивті ұстап, жанжал шығарған мас ұлының үстінен шағымданған. Ақсуда мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, басынан үтікпен ұрып, білегін тістеп алған,- деп хабарлады дүйсенбі күні Павлодар облысы ПД.

Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер