Алматыда «HALAL EXPO-2023» көрмесі өтті

1289
Adyrna.kz Telegram

15-16 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2023» көрмесі өтті.

Бұл көрме – халалды насихаттау, тұтынушы мен өндіруші арасын жалғау, кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайтумен қатар, шет елдік мамандармен тәжірибе алмасу, халал өнімдерді таныту мақсатында III рет өткізілген халықаралық айтулы шара.

Көрмеге отандық және Өзбекстан мен Қырғызстан, Украина, Малайзия мен Индонезия мемлекеттерінің халал сертификатын иеленген кәсіпорындары, өнімдері қатысты. Келушілердің халал өнімдердің түрлі ассортиментімен таныс болып, аталмыш өнімдерді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға мүмкіндігі болды.

Сондай-ақ, Қазақстанда 50-ге жуық нүктесі бар, елімізге танымал фастфуд өнімі МакиМаки “Үздік халал кәсіпорын” номинациясымен марапатталды.

«HALAL EXPO-2023» көрмесінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Үздік халал кәсіпорындарды» марапаттады. Сонымен қатар, шет елдік және отандық халал стандарттау және сертификаттау саласы мамандарының қатысуымен түрлі дәрістер өтіп, күй ойнатылды.

Бақберген НҰРАЙ
Кино&Медиа мамандығының 1 курс студенті 
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер