Алматыда алғаш рет жаңа NEW MEDIA FORUM өтті

1078
Adyrna.kz Telegram

12 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет жаңа медиа форумы – NEW MEDIA FORUM өтті. Блогерлер мен инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар өзекті мәселелерді талқылау, заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау үшін жиналды.

Форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультетінің 2,3 курс студенттері де қатысып, Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдерден шақырылған спикерлер мен хедлайнерлерге сұрақтарын қойды.

№ 1 Сессия ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ ТӘРТІБІ талқыланды.
Спикерлер: Элдияр Кенесаров, Тимур Абдулин, Дәурен Меркеев, Сашни Бишвас, Михаил Краймер қатысты.
Модератор: Жібек жолы» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, қоғам қайраткері, ҚазҰӨУ «Кино және телевидение» кафедрасының доценті, «AQNIET GROUP» ЖШС PR директоры Айгүл Мүкей болды.

№ 2 Сессия МЕДИА НАРЫҒЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Спикерлер: Айдос Сарым, Абылайхан Камаладин,Дильмурад Рахимов, Юлия Сычева, Алексей Бендзь  өз ісінің шеберлері қатысты.
Модератор: Журналист және тележүргізуші, кәсіпкер, fashion-продюсер, блогер және қоғам қайраткері Динара Сәтжан.

№ 3 Сессия КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА
Спикерлер: Марат Оралғазин, Ерболат Беделхан, Иса Меликов, Жазира Байдалы, Ернар Алмабек талқылады.
Модератор: Qazaq Media продюсерлік орталығының директоры Александр Аксютиц.

№ 4 Сессия ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҢА МЕДИА ЭТИКАСЫ
Спикерлер: Никита Шаталов, Серик Камбарбаев, Нұрлан Байжігітұлы,Ғалым Қалиакбаров,Перизат Мырзахмет, Гүлмира Құсайынова
Модератор: Журналист, тележүргізуші, продюсер, «Media Professional» продакшн-студиясының негізін қалаушы, ZTB.kz медиахолдингінің басқарушы серіктесі және бас редакторы Ғазиза Райымбек.

№ 5 Сессия МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Спикерлер: Александр Мелентьев, Абай Сейфулла, Марғұлан Тұрсынов, Шынар Сапар,Екатерина Филатова, Лаура Таганова,Евгений Богатырев.
Модератор: Жасанды интеллект бойынша сарапшы, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының директоры Рүстем Биғари.

Жаңа медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылау; форум қатысушыларына өз жұмысында, бизнесінде немесе жеке өмірінде жаңа медианы пайдалану үшін қажетті құралдар мен білім беру; форум қатысушыларына тәжірибе, білім және идеялармен алмасуға мүмкіндік жасау шараның басты мақсаты болды.

Бақберген НҰРАЙ
Кино&Медиа мамандығының 1 курс студенті 
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова

 

Пікірлер