Ақын, композитор Арман Қайназаровтың дүниеден өткені айтылды

4782
Adyrna.kz Telegram

Ақын, сазгер Арман Қайназаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп жазады “Адырна”. Мәлімет желі қолданушылары арасында тарады.

Композитордың неден қайтыс болғаны туралы нақты дерек айтылмады. Фейсбук қолданушылары Арман Қайназаровтың “Шаңырақ” ықшам ауданында “Бақытжан” кафесінде соққыға жығылғаны туралы жазды.

Бұған дейін қоғамда Қайназаровтың үйсіз-күйсіз далада қаңғырып жүргені көпті алаңдатты. Ол Ұлықпан Жолдас, Қыдырәлі мен Қарақат, Абай Бегей сынды әртістердің әндерінің авторы.

Пікірлер