Маңғыстау облыстық Полиция департаменті 15 миллион теңгеге жиһаз сатып алмақ

1804
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты «Маңғыстау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі жиһаз сатып алу үшін 14 961 795 теңге қаржы бөлген, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  goszakup.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

«Маңғыстау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі жиһаз сатып алу үшін 19 қыркүйек күні  14 961 795 теңге бөліп,  тендер жариялаған. Тендер жеңімпазы 29 қыркүйек күні анықталады.

Мемлекеттік сатып алудың техникалық сипаттамасы бойынша Полиция департаменті бөлген қаржыға 500 дана орындық (кеңселік, металлдан жасалып,  жұмсақ матамен қапталған), 10 дана басшы креслосы, 150 дана стеллаж (металлдан жасалған, биіктігі 80 см-ден артық), 5 дана сейф , 40 дана шкаф (металлдан жасалған) сатып алынбақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер