Жұмыстан босатылған Павлодар әкімі жаңа қызметке ие болды

1764
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін қызметінен босатылған Павлодар әкімі жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ержан Иманзайыповтың жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпаратты Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі растады. Ресми деректерге сәйкес, ол Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

«Ержан Иманзайыпов Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ осы жерде Иманзайыповтың Павлодар қаласының әкімі қызметінен жағымсыз себептерсіз босатылғаны нақтыланды.

Айта кетейік, облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының жаңа басшысы туралы ақпарат мемлекеттік мекеменің сайтында жарияланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қыркүйекте Павлодар облысы әкімінің өкімімен Ержан Иманзайыпов Павлодар қаласының басшысы қызметінен босатылған болатын.

Қыркүйектің 1-і күні Парламент Мәжілісінің алаңында Асайн Байханов Павлодар әкімінің қызметінен босатылуы оның көмекшісіне қатысты басталған тергеуге қатысты ма деген сұраққа жауап берді. Ол сондай-ақ облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, ешкім қамауға алынбағанын айтты.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте Хасар Хабылбеков Павлодар қаласының әкімі болды. Осы тағайындауға дейін ол Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Пікірлер