Әзірбайжан мен Таулы Қарабақ соғыс қимылдарын тоқтататынын жариялады

1905
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі 20 қыркүйекте (Мәскеу уақытымен) сағат 12:00-ден бастап Қарабақтағы әскери операцияларды тоқтататынын хабарлады, деп жазады "Адырна". 

«Қарабақта антитеррорлық шараларды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Дегенмен, Қарабақ тарапының айтуынша, атқылау жалғасуда.

«Арцах билігі бітімгершілік күштердің Әзірбайжанмен атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын жариялады. Бұл қазір тоқтауы керек еді, бірақ бірнеше минут бұрын Степанакерт маңында артиллериялық атысты естідік», - дейді Таулы Қарабақтағы бұрынғы омбудсмен Артак Бегларян.

«Өкінішке орай, арцах жағында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Кейбір аудандарда жау қорғаныс армиясының жауынгерлік позицияларын бұзып өтіп, бірқатар биіктіктер мен стратегиялық жол тораптарын бақылауға алды. Қазіргі жағдайда халықаралық қоғамдастықтың соғысты тоқтатуға және жағдайды реттеуге бағытталған әрекеттері жеткіліксіз. Осының бәрін ескере отырып, Арцах Республикасының билігі Ресей бітімгершілік миссиясы қолбасшылығының атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдайды», - делінген Қарабақ ақпараттық штабының хабарламасында.

Қарусыздану және Армения күштерін Таулы Қарабақтан шығару ресейлік бітімгершілік күштерімен келісе отырып қамтамасыз етіледі.

21 қыркүйекте Евлахта Таулы Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен «реинтеграция мәселелерін талқылау үшін» кездесу өтеді», - деп хабарлады Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев әкімшілігі.

 

Пікірлер