Министр Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді

1394
Adyrna.kz Telegram

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты іс бойынша Ішкі істер министрі Ержан Сәденов түсініктеме берді, деп жазады "Адырна". 

Оның айтуынша, тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп жатыр.

«Біздің тергеуге қатысымыз жоқ, сондықтан іс Бас прокуратураның арнайы прокурорларында жүріп жатыр, сондықтан шешімді олар қабылдайды», - деді Сәденов.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Бас прокуратура ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу ісі жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Пікірлер