Мас күйінде көлік жүргізген. Депутат мандатынан бас тартты

3293
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақтөбе қалалық мәслихаты
Фото: Ақтөбе қалалық мәслихаты

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сания Мұратова мандатынан бас тарту үшін сайлау комиссиясына арыз түсірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, Сания Мұратова мас күйінде рульге отырып, жол-көлік ережесін бұзған.

Сания Мұратова өз мандатынан бас тартатынын айтып, кеше арыз жазды. Заң бойынша депутат 8 түрлі себеппен өз өкілеттілігін тоқтата алады. Шетелге немесе басқа аймаққа көшіп кетсе, Қазақстан азаматы болмаса, депутаттық қызметін атқармаса, қылмыстық жауапқа тартылып, жазаланса, сот шешімімен мандатынан айырылса да қалалық мәслихатқа ұсыныс жіберіледі. Шешімді қалалық мәслихат қабылдайды,- деді Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дина Қалмағамбетова.

Бүгін комиссия шешім қабылдап, ұсыныс жібереді.

Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясына арыз түсірген соң бізге ұсыныс жіберіледі. Сессияда қаралып, депутаттар шешім қабылдайды,- деді Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Даржанова.

Сания Мұратова депутаттық өкілеттілігін тоқтатса, сайлаудан 60 күн бұрын қаулы шығарылады. Содан кейін бір округте сайлау өтеді.

Пікірлер