Қазақстандық спортшы - Халықаралық футбол федерациясының жүлдесіне үміткерлердің бірі

1324
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік "Ордабасы" командасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген "жылдың ең әдемі голы" номинациясымен Ференц Пушкаш атындағы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жүлдесіне үміткерлер қатарынан көрінуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Асхат Тағыберген өзінің "ең әдемі голын" 23 наурызда Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матчта 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде соққан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы өз қарсыласын 3:2 есебімен жеңген болатын.

Ференц Пушкаш атындағы Халықаралық футбол федерациясының бұл жүлдесіне үміткерлер көп. Олардың қатарында аргентиналық Альваро Барреаль, колумбиялық футболшы Линда Кайседо ("Реал"), Парагвайлық Хулио Энсисо ("Брайтон"),  Кан Сон Джин ("Сеул"), австралиялық Сэм Керр ("Челси"), Уругвайлық Брайан Лосано ("Пенарол"), Бразилиялық Гильерме Мадруга ("Ботафого Рибейран-Прето") және өзге клубтардың кіл мықтылары бар.

Пікірлер