Еревандағы наразылық шеруінде 80 адам ұсталды

1490
Adyrna.kz Telegram

22 қыркүйекте Еревандағы наразылық акциясы кезінде 80-нен астам адам ұсталғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна".

Демонстранттар үкімет жетекшісі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен. Шеруге шыққандар үкімет ғимаратына кіре беріс жолды жауып, ол жаққа шенеуніктер мен депутаттарды кіргізбеуге тырысқан. Нәтижесінде 22 қыркүйекте 80-нен астам адам ұсталған.

Олардың арасында Арменияның екінші президенті Роберт Кочарянның ұлы Левон Кочарян да ұсталғаны белгілі болды. Оның адвокаты ұстау кезінде Кочарянды полицейлер ұрып-соғып, ауруханаға алып кеткен. Бұған қоса, наразылық жетекшілерінің бірі, бұрынғы оппозициялық депутат Андраник Теванян да ұсталған. Оны полиция бөлімінен босатып жіберген.

Еревандағы наразылықтың жалғасып жатқанына бүгінде төрт күн болды. Ол Армения үкіметі Таулы Қарабақ бойынша Әзербайжан шартына келіскеннен кейін басталып отыр.

Пікірлер