Риддер әкімі орынбасарының балағат сөзі желіні шулатты (ВИДЕО)

1995
Adyrna.kz Telegram

Қазнетте Риддер әкімінің орынбасары Әсем Ағажаеваның саяхатшы блогер Дамир Көшеевтің бейнеролигіне пікір білдірген бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін облысты аралап жүріп, Риддерге келген блогер қала әкімінің орынбасарын жемқорлық жасап, балаларды шетелге сатқан деп айыптаған болатын. Әсем Ағажаева бұл мәлімдемені жоққа шығарып, адамға ондай үлкен айып тағу үшін нақты дәлел болу керек екенін айтты. Видеохабарлама түсіру кезінде ол абайсызда камераға дөрекі сөздер айтып қойды. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап кетті.

«Масқара ғой, шара қолдану керек», «Шынайы бейнесін көрсетті», «Айыппұл салу керек»,—деп жазды желі қолданушылары.

 

Пікірлер