Ресей премьер-министрі Қазақстанға келеді

1738
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустин «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс-шара 25-27 қыркүйекте Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді.

Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметінің айтуынша, Мишустин «Жаңа уақыттың өнеркәсіптік стратегиялары» пленарлық отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ол Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен бірге машина жасау, кеме жасау, химия, металлургия, тоқыма және авиация өнеркәсібіне арналған көрменің тақырыптық экспозицияларын тамашалайды.

Айта кетейік, «Иннопром. Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда. Іс-шараға 20 мемлекеттен 10 мыңға жуық делегат қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров халықаралық көрмеге Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен бірге Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың да қатысатынын мәлімдеген еді.

Пікірлер