Атырауда бұрынғы шенеуніктер "алаяқтық" дерегімен күдікке ілініп, қамауға алынды

1554
Adyrna.kz Telegram
metal prison bars with handcuffs on black background
metal prison bars with handcuffs on black background
Атырауда бұрынғы шенеуніктер алаяқтық жасады және өз өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл турасында 2023 жыл, 26 қыркүйек күні облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Прокуратурадағы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Атырауда жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамалып отыр.

"Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде. Прокуратура бұл фактіні ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және ҚК 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді", - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.

Қазір облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер