Құмар ойын ұйымдастыратын компаниялардың табысы 40%-ға азайды

1501
Adyrna.kz Telegram
Елімізде құмар ойынынын ұйымдастыратын компаниялардың табысы 40 пайызға азайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы qazaqstan.tv-ге сілтеме көрсете отырып. 

Ranking.kz зерттеу ұйымы дерегінше, қазақстандықтар биыл бұл салаға 207 млрд теңгесін салған.

Естеріңізде болса, былтыр құмар ойын ұйымдастыратын компаниялардың табысы 294 млрд теңгеден асып, рекордттық көрсеткішке жеткен еді.

Құмар ойынына қызығушылар, әсіресе Алматы облысында көп. Мұнан соң Ақмола облысы мен Астана тұрғындары тұр.

Биыл еліміздегі 17 букмекерлік кеңсе жабылды. Олар өз еркімен лицензиясын тапсырған. Қазірде Туризм және спорт министрлігі тағы екеуінің жұмысын тоқтату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер