НҰРБЕК ТҮСІПХАН: "Бекболат Тілеуханды айыпты ететіндей дәлел көрсете алмадың."

1603
Adyrna.kz Telegram
Бекболат Тілеухан мырза өткенде ғана "ақпын, тазамын, айтылып жатқанның бәрі жала" деп Құран ұстап ант еткен. "Кәусар травел" деген компанияны білмейтінін, оның бастығы Медет Мұратбайұлын көрмегенін, танымайтынын, естімегенін айтқан.
Бірақ бүгін сол Медет Мұратбайұлы "алаяқ" деп танылып, 6 жылға сотталды. Сотта ол "ақшаның бәрін Бекболат Тілеуханға бердім" депті. Оның үстінен ҰҚК бастап басқа органдарға арыз жазғанын мәлімдеді.
Дін жолында жүргендер үшін қасиетті кітапты ұстап отырып өтірік айту - өліммен тең. Сондықтан Құран ұстап ант беру ойыншық емес. Экс-депутаттың Құраннан басқа да дәлелдері бар шығар.
Алайда бүгінгі сотта үкім шығарған судья Мұратбайұлына "Тілеуханды айыпты ететіндей дәлел көрсете алмадың" деген.

 

 

 

 

Пікірлер