Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды - экология министрі

1534
Adyrna.kz Telegram

Экс – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды, деп хабарлады экология және табиғи ресурстар министрі Еран Нысанбаев. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 

Министр Нысанбаеы Әлия Назарбаева компаниясының Астанада қоқыс шығарумен айналысатыны туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып:

"Менің ақпаратым бойынша, Әлия Назарбаеваның компаниясы бүгінде қоқыс шығарумен айналыспайды", - деді Үкіметтегі брифингте.

Айта кетейік, 20 қыркүйекте Аманат партиясының мәжіліс депутаты Ерлан Саиров прокуратураның назарын  Әлия Назарбаеваның компаниясына аударды.  Назарбаевтың кіші қызына тиесілі "ӨКМ Операторы" қатысты заңбұзушылықтарды еске салды. Қаңтар оқиғаларынан кейін көп ұзамай, 2022 жылдың 18 қаңтарында, Әлия Назарбаеваның Қазақстаннан 312 млн доллар шығарғанына қатысты дерек ашылды.   19 қаңтарда "ӨКМ Операторы" утилсбор жинау құқығынан айырылды. Ал бұл компанияның Әлия Назарбаеваға қатысы бар екендігі айтылады. Десе де, компанияға қатысты шулы сотқа экс-президенттің қызы қатысқан жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер