Әкелі-балалы билеушілер 2 аптада қос марапатқа ие болды

1163
Adyrna.kz Telegram

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке Республика Батыры атағы берілді және «Алтын ай» төсбелгісі табыс етілді, деп жазады "Адырна". 

Бердімұхамедов бұл мәртебелі атақты Түркіменстан тәуелсіздігінің 32 жылдығына байланысты алғаны атап өтілді.

Парламент қаулысында көрсетілген себептердің қатарында:

елдің ұлттық тәуелсіздігі мен бейтараптық қағидаттарын нығайтуға қосқан үлкен жеке үлесі;

«жаңа бастамалар көтеру арқылы демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекеттің серпінді дамуындағы мемлекет пен қоғамға айрықша қызмет ету;

ел дамуының жаңа кезеңінде саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жетілдіру;

ата-бабамыздан қалған қағидаларға сәйкес аға ұрпаққа құрмет көрсету, жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеу, Түркіменстанның халықаралық беделін нығайту;

"Арқадағ"  негізін қалаған мемлекеттіліктің мызғымас тірегін нығайтудағы еңбегі;

Гундогардың айтуынша, 42 жастағы Сердар Бердімұхамедов республикадағы ең жоғары дәрежелі сыйлықтың иегері атанды. Оның алдында бұл атақты 55 жасында алған ресейлік ғарышкер Олег Кононенко болатын.

Түркіменстан Халық маслахаты (Халық кеңесі) төрағасы, елдің бұрынғы президенті және түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, "арқадағ" (қолдаушы, сүйеніш) титулына ие Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының құрмет белгісімен марапатталған болатын.

Пікірлер