Ресей территориялық талап қояды деп қауіптенбейміз — Тоқаев

1937
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Ресейге қарсы санкциялық режимді міндетті түрде сақтайды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары кезінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Sputnik Ближнее зарубежьеге» сілтеме жасап.

«Қазақстан санкциялық режимді ұстанатынын нақты айтты. Біз санкция режимін сақтау бойынша тиісті ұйымдармен байланыстамыз. Германия тарапынан санкциялық режимді айналып өтуге бағытталған ықтимал әрекеттерге қатысты алаңдаушылық болмауы керек деп санаймыз»,—деді ол.

Сондай-ақ президент Ресей территориялық талап қояды деп қауіптенбейтінін жеткізді.

«Екі елдің шекарасы делимитацияланып, едәуір дәрежеде демаркацияланған. Бізде бұл мәселеге қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ»,—деп толықтырды Тоқаев.

Пікірлер