Қазақстанда 14,6 мың шетелдік заңды түрде жұмыс істейді

1352
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 14,6 мың шетелдік заңды түрде жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек етеді. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 527 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 732 рұқсат (екінші санат). Жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам»,—делінген хабарламада.

Министрліктің айтуынша, еңбек мигранттары көп келетін негізгі елдер тізімінде Қытай, Өзбекстан, Түркия және Үндістан бар.

Пікірлер